Талғат Байсуфинов: «Клубта қаламын»
«Ертістің» бас бапкері Талғат Байсуфинов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында, барлық қарыздар төленгенін және болашақта жағдай түзелеріне сенімі мол екенін жеткізді.
- Ойыншылар, жалақының толық төленуіне қуанып жатыр. Болымсыз ғана қарыздары қалды енді.
- Командадан кеткен футболшылар оралуға дайын ба?
- Иә. Барлығымен сөйлескенмін, бәріміз ораламыз деді. Таяуда «Ертістен» Струков, Шабалин және Шомко кеткен.
- Командадан кеткен ойыншылардың орнына кімдерді алмақшы едіңіз?
- Бұл туралы әлі айта алмаймын. Бастапқыда жігіттермен ауызша келісімге келгенбіз. Не боларын көреміз әлі. Бірақ командаға үш-төрт мықты жаңа ойыншылар керек.
- Соңғы сұхбатыңызда, жалақы төленген соң болашағым жайлы ойланамын дегенсіз. Не шештіңіз?
-Клубта қаламын деп шешім қабылдадым. Көмекшілеріммен бірге жұмысты жалғастырамыз. Ойрат Садуовты көмекші қылып шақырдым. Сондай-ақ Андрей Кучерявых қосалқы құрамды жаттықтыратын болады.