Басқа

Германияда Шумахердің музейі ашылды

news-banner7
mobile-news-top

Германияның Кельн қаласында Михаэль Шумахердің музейі ашылды, деп жазады 24.kz.

Онда «Формула-1» жарысы чемпионының жеке заттары қойылды. Шумахердің бала кезіндегі суреттері, кубоктары мен жарыста иеленген марапаттары бар.

Мұражай бұрынғы әуежай аумағында орналасқан. Ол жерде классикалық автокөліктер мен мотоциклдер көпшілік назарына ұсынылды. Айта кетейік, Михаэль Шумахер 2013 жылы Альпы тауларында шаңғы теуіп жүріп, басынан ауыр жарақат алған болатын. Содан бері ол ес-түссіз жатыр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер