Велоспорт

«Швейцария туры»: «Астана» командалық есепте жеңіске жетті

«Швейцария туры»: «Астана» командалық есепте жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Мәртебелі «Тур де Франс» жарысының алдындағы маңызды сынақтардың бірі «Швейцария туры» көпкүндігі мәресіне жетті. Жалпыкомандалық есепте «Астана» велоклубы жеңімпаз атанса, жекелей жарыста Якоб Фульсанг жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.

Тоғыз кезеңге созылған жарыстың сегізінші кезеңінен кейін Якоб Фульсанг жалпы есепте 6-шы орында тұрған болатын. Алайда, сөреден жеке шығып жарысатын соңғы кезеңде «Астана» капитаны «қамшы басып», 34,1 шақырымдық жарыста кезең жеңімпазы Стефан Кюнгтен небәрі 38 секунд қана артта қалып, мәре сызығын 6-шы болып қиды. Ал оның жалпы есептегі басты бәсекелестері бұл кезеңде мұндай көрсеткіштерге қол жеткізе алмады. Нәтижесінде жалпы есепте 6-шы сатыдан 2-ші орынға бір-ақ көтерілген Якоб «Швейцария турын» жүлделі аяқтады.

- Керемет жетістік. Былтыр «Критериум Дю Дофине» көпкүндігін жеңіп алып едім, биыл «Швейцария турында» екінші орыннан көріндім. Демек, менің бағытым дұрыс, - деп ағынан жарылды жарыстан кейін «Астананың» капитаны Якоб Фульсанг.

Енді Якоб Фульсанг «Тур де Франсқа» дайындалады. Ол жақта да біз жоғары орындардан көрінуіміз керек. Ал «Швейцария турында» командалық есепте де мерейіміз үстем болып, «Астана» бірінші орынды иемденді. Екінші орынды Испанияның «Movistar Team» командасы иеленсе, үздік үштікке Францияның «Ag2r La Mondiale» командасы кірді.

- «Швейцария турындағы» көрсеткіштерімізге көңіліміз толады. Бәрі жоспар бойынша өтті. Бар күшімізді соңғы кезеңге салғанбыз. Нәтижесін берді. Фульсангтан бөлек, Танел Кангерт пен Дмитрий Груздев те бұл жарысты жақсы өткізді. Ендігі межеміз «Тур де Франс» жарысы. Бұған да дайынбыз, - деп «Астананың» спорт менеджері Дмитрий Фофонов Швейцариядағы жарысты қорытындылады

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер