Жеңіл атлетика

Колпакова мемориалы: Антон Боднар осы маусымдағы үздік көрсеткішін тіркеді

news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында ұзындыққа секіруден Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесіне арналған дәстүрлі халықаралық жарыста биіктікке секіруден жерлесіміз Антон Боднар чемпион атанды, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Жалпы, биіктікке секіру сайысына Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 8 атлет қатысты. Олардың арасында 26 жастағы шымкенттік Антон Боднар да бар.

Жерлесіміз өзбекстандық Дмитрий Мельситовпен бірге бас жүлдеге талас жүргізді. Қазақстандық атлет жарысты 2.04 метрден бастап, 2,20 метрге дейін жеткізді. Өзбек спортшысы 2.16 метрмен шектелді.

Боднардың талпынысы бізді қуантты. Өйткені ол 2017 жылы ешқандай жарысқа қатыспаған еді.

Ядро серпуден ұлттық құраманың көшбасшысы Иван Иванов та чемпион атанғандардың қатарында. Алматы облысының спортшысының үздік нәтижесі – 18.87 метр. Бір ай бұрын ол Тайбэйде 18.90 метрмен чемпион болған.

Екінші орын алған өзбекстандық Сергей Дементьев одан 99 сантиметрге қалып қойды (17.88 метр).

Ал кезінде Татьяна Колпакованың өзі өнер көрсеткен ұзындыққа секіру сайысына 6 қазақстандық қатысқанымен, бірде біреуі 6 метрге жете алған жоқ. Бас жүлде жергілікті спортшы Анна Булановаға бұйырды (6.28 метр).

Елімізден барған ұзындыққа секірушілердің арасында ең жоғары көрсеткіш алматылық Адина Махсутоваға тиесілі – 5.65 метр. Оның тәжірибелі әріптесі Марина Хусейнова 5.50 метрмен шектелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер