Басқа

Алматыда өткен велошеруге 800-ге жуық әуесқой қатысты

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қалада жетінші велошеру өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

800-ге жуық әуесқой әдеттегідей «Нұрлы Тау» бизнес орталығында бас қосты. Бұл жолы олар 9 шақырым қашықтықты бағындырды. Велошеру Мұxтар Әуезов атындағы драм театрының маңында аяқталды.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды, ал бағы жанған қатысушылар басты сыйлық, велосипедтің иегерлері атанды. Солардың бірі Илья Шмаровоз болды.

- Мен «Гоу про» камераны жеңе алмай қалғаныма кішкене ренжіп тұрған едім. Алайда, кейіннен велосипед жеңімпазының нөмірін естігенде өте қуандым. Бұл осы жылғы менің бесінші велошеруім. Бүгін әкеммен және ағаммен келдім. Өзімнің велосипедім ескіріп қалған еді. Енді велошерулерге жаңасымен қатысамын, - деп әсерімен бөлісті жеңімпаз Илья Шмаровоз.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің жетіншісі болып саналады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер