русский язык

Денис Тен Австриядағы турнирде жеңімпаз атанды

Денис Тен Австриядағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстан мәнерлеп сырғанау спортшысы Денис Тен Австрияның Грац қаласында «Ice challenge» турнирінің қысқа бағдарламасында жеңіске жетті.

Өз бағдарламасын айна-қатесіз орындаған жерлесіміз 88,19 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.

Салыстырар болсақ, екінші орынға табан тіреген ресейлік Гордей Горшковтың жинаған ұпайы 66,56. Үздіктер үштігі 64,32 ұпай жинаған Австрия өкілі Виктор Пфайфермен аяқталды.

Австрияда бұл турнир 2009 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын айта кету керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;