Әлем футболы

Коларов Сербия құрамасына жеңіс сыйлады

Коларов Сербия құрамасына жеңіс сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Ресейдегі әлем чемпионатының Е тобында Коста-Рика мен Сербия құрамалары кездескен.

Құрамында Чемпиондар лигасының 3 дүркін жеңімпазы бар Коста-Рика Бранислав Иванович, Неманья Матич және Александр Коларов сынды жұлдыздар ойнайтын Сербиямен күш сынасты. Бірақ Кейлор Навас бірнеше рет өз командасын құтқарғанымен, еуропалық құрама үш ұпай олжалады.

Матчтың бірінші таймында есеп ашылған жоқ. 56-минутта Коларовтың айып соққысынан бағыттаған добы коста-рикалықтардың қақпасына еніп кетті. 1:0 – Сербия әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Айта кетейік, Е тобында бұл құрамалардан бөлек Бразилия мен Швейцария бар.

Коста-Рика – Сербия 0:1 (0:0)

Гол: Коларов 56

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер