русский язык

Нұрсұлтан Қалмырзаев халықаралық турнирде алтын жүлде алды

Нұрсұлтан Қалмырзаев халықаралық турнирде алтын жүлде алды

 Нұрсұлтан Қалмырзаев Бакуде өткен грек-рим күресінен «Алтын Гран-при» халықаралық турнирінде 55 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлде алды.

 Гейдар Әлиевті еске алуға арналған жарыстың ширек финалында Қалмырзаев Әзірбайжан спортшысы Сакит Гулиевтен басым түсті.

Ал Жансерік Сәрсенбиев қола жүлде алды, ол жапониялық Хироики Шимизуді жеңіп, жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда қазақстандық спортшылар өзара бәсекеге түсіп, Қалмырзаев ұтып кетті. Ақтық сында Қалмырзаев әзірбайжан спортшысы Орхан Ахмедовпен кездесті. Қарсыластар 3:3 ұпай жинағанымен қазылар алқасының шешімімен бірінші орын қазақстандық спортшыға берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;