Beautiful Football
Әлем футболы

Әлем чемпиондары Ресейде алғашқы кездесуін өткізеді

Әлем чемпиондары Ресейде алғашқы кездесуін өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Әлем біріншілігінің F тобында чемпиондар Германия мен Мексика құрамалары кездеседі.

2017 жылғы әлем чемпиондары Ресейдегі мундиальда алғашқы ойынын өткізеді. Әрине, немістер - айқын фаворит. Алайда Мексиканы да осал құрама деуге келмес. Қос құрама да соңғы кездесулерінде көңіл көншітерліктей ойын өрнегін көрсеткен жоқ. Бұл топта Германия бірінші орынмен шығуға басты үміткер болса, плей-оффқа берілетін екінші жолдамаға Мексика, Швеция мен Оңтүстік Корея құрамалары таласады. Соңғы үш ұжым да деңгейі жағынан бірдей. Сол себепті әрбір кездесу олар үшін маңызды болмақ.

Германия мен Мексика құрамалары өзара үш мәрте кездескен екен.

30/06/17 Конфедерация Кубогы, топтық кезең, Плей-офф кезеңі: Германия - Мексика 4:1

29/06/05 Конфедерация Кубогы, топтық кезең, СПлей-офф кезеңі: Германия - Мексика 4:3

29/06/98 Әлем Кубогы, Плей-офф кезеңі: Германия - Мексика 2:1

Көріп отырғандарыңыздай, барлық ойында немістер басым болған. Бүгін де сол дәстүр жалғасын табады деген ойдамыз. Германия қарсыласының қақпасына кемінде екі доп соғып, жеңіске жету қажет.

Әлем чемпионаты - 2018. Топтық кезең. F тобы

Германия - Мексика

Болжам: Германия 1 доп айырмашылығымен жеңіске жетеді - 1.75

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер