Басқа

Астанада триатлоннан халықаралық жарыс басталды

Астанада триатлоннан халықаралық жарыс басталды
news-banner7
mobile-news-top

Айтулы шара бас шаһардың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Дүбірлі дода әлемдегі ең күрделі біркүндік жарыс болып табылады.

Себебі триатлон 3 спорт түрін біріктіреді. Бүгінгі халықаралық жарысқа әлемнің 47 елінен барлығы 1300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде 700-ге жуығы еліміздің спортшылары.

Жалпы, триатлон үш спорт түрін біріктіреді. Алдымен қатысушылар шамамен 2 шақырымды жүзіп, одан кейін 90 шақырым жолды велосипедтен, тағы 21 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс.

Осылайша барлық қашықтықты бағындырған спортшы «Темір адам» атанады. Сонымен қатар жарыс барысында әлемге танымал спорттық брендтердің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер