Теннис

Теннистен ATP Almaty Challenger турнирінің жүлдегерлері анықталды

Теннистен ATP Almaty Challenger турнирінің жүлдегерлері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда теннистен ATP Almaty Challenger xалықаралық турнирі аяқталды, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Маусымның 11-і нен 16-на дейін жалғасқан жарыстың жұптық разрядының нәтижесінде Германияның спортшылары Кевин Кравц пен Андрес Миес финалдық кездесуде Лауринас Григелис (Латвия) пен Владислав Манафов (Украина) құрған жұпты 6:2, 7:6 есебімен ұтты.

Ал, жеке разряд бойынша австриялық Юрий Родионов серб Педия Кристинді финалда 7:5, 6:2 есбімен ұтып, бірінші орынға ие болды.

- Бізде жеңу үшін көптеген мүмкіндік болды, бірақ өзіміз қолдана алмадық. Екінші сетте біз олардан қарағанда жақсы ойнадық, алайда жолымыз болмады. Әрине әр ойында кімнің болсын жеңіске жеткісі келеді, бірақ финалда жақсы нәтиже, - деп өз ойымен күміс жүлдегер Лауринас Григорис бөлісті.

Айта кету керек, Almaty Challenger алып шаhарда осымен екінші рет өтті. Алғашқы рет былтыр күз айында әлемнің әр елінен келген үздік спортшылардын қатысуымен өткен. Осы жолы олардын қатары тағы бірнеше мықтылармен толыққан. Ол туралы жаңадан ашылған «Эйс» теннис орталығының директоры әрі Қазақстан теннис Федерациясының өкілі Андрей Квасов мәлімдеді.

- Бұл жолы турнирді күн жылыда өткізуді жөн көрдік. Барлығы да жақсы өтті. Ауа-райыда тамаша болды. Енді келесі шілде айында әйелдер арасында осы жерде Almaty Woman’s турнирі болады, артынша «Эйс» теннис орталығында осы серияының келесі жарысы болады, - деді ол.

Бұл жарыста біздің спортшылар жақсы өнер көрсеткенмен, 1/4 финалынан аса алмады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 мың долларды құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер