Волейбол

Қазақстандық волейболшылар Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды

news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Екі құрама 6-7 орынға таласу құқығын иелену үшін сайысқан болатын.

Өкінішке қарай, қазақстандық қыздар кореялық құрдастарынан жеңісті тартып ала алмады. Қазақстан құрамасы бірінші сетте 25:19 есебімен алға шыққан еді. Алайда, қалған үш сетте 9-25, 13-25, 15-25 есебімен ұтылып қалды.

Енді Оңтүстік Корея құрамасы Иран/Вьетнам жұбының жеңімпазымен бірге 5-6 орынға таласады. Ал қазақстандықтар 7-8 орын үшін күреседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер