Әлем футболы

Каспер Шмайхель әкесіне тәуелді рекордты бұзды

news-banner7
mobile-news-top

Дания құрамасы биылғы Әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Перу футболшыларына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп жазады prosports.kz сайты.

Дәл осы ойында Дания құрамасының қақпасын қорғаған Каспер Шмайхель рекорд жаңартты. Перу құрамасының гол соғуына мүмкіндік бермеген Каспер ұлттық құрама сапында қақпасын 540 минут бойы голдан аман сақтап келеді. Бұл Дания құрамасы тарихында жаңа рекорд.

Бір қызығы, аталған рекорд бүгінге дейін Каспердің әкесі Петер Шмайхелге тәуелді болатын (470 минут).

Бұдан бөлек, Шмайхелдер екеуі де Әлем чемпионатына қатысқан алғашқы әкелі-балалы қақпашылар атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер