Әлем футболы

Дания құрамасы Әлем біріншілігін жеңіспен бастады

Дания құрамасы Әлем біріншілігін жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің С тобындағы алғашқы матчтар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алғашқы айналымда жолдары түйіскен Перу мен Дания құрамалары голға сараң ойын өткізді. 90 минут бойы тынбай жүгірген футболшылар бар болғаны бір гол ғана соқты.

Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Тіпті, пенальтиден де гол соға алмады. Алғашқы 45 минут аяқталар тұста Перу құрамасының ойыншысы Куэва 11 метрлікті сәтсіз орындады.

Ал екінші таймда еуропалықтар сауатты қимылдап, өздеріне керекті нәтижеге қол жеткізді. Матчтың 59-шы минутында Эриксен командаласы Поульсеннің гол соғуына мүмкіндік жасады.

Осыдан кейін тағы да жарым сағаттан аса өнер көрсеткен қос команда есепке өзгеріс енгізе алмады

Әлем чемпионаты - 2018

Перу - Дания - 0:1
Гол соққан:
Поульсен

Перу: Гальесе, Адвинкула, Рамос, Трауко, Родригес, Тапиа, Куэва, Йотун, Флорес, Каррильо, Фарфан.

Дания: Шмейхель, Далсгор, Кьер, Квист, Кристенсен, Делейни, Систо, Поульсен, Йоргенсен, Эриксен, Ларсен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер