Басқа

Алматыда қайырымдылық марафоны өтті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Тұңғыш Президент саябағында мемлекеттік қызметкерлердің күніне орайластырылған «Алға басу – движение вперед» қайырымдылық марафоны өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Бұл марафонға Астана және Алматы қалалары аймақтық орталықтарының 16 000-нан астам мемлекеттік қызметкері қатысты. Олар бір уақытта сөреден өтіп, ерлер 2,5 км, ал әйелдер 1,5 км қашықтықты бағындырды. Ерлер арасында бірінші болып мәреге Денис Никищенко жетсе, ал қыздар арасында үздік нәтижені Дария Жолболдиева көрсетті.

- Керемет шара, біріншіден, ол қызметкерлерді бірге жиналып, қоғамдық өмірмен, мәселелермен айналысуға, сонымен қатар, жақсы істерді жасауға ынталандырады. Бүгін жиналған ақша балаларды емдеуге арналған, сондықтан, барлығымыз ат салысуымыз қажет. Әрине, мұндай аурудан ешкім сақ емес, бола алмайды да, біз сол ауру балаларға көмектесуіміз керек, - деп бөлісті марафон қатысушысы, Түрксіб ауданы әкімдігінің қызметкері Бақтыгүл Сеитова.

Бұл қайырымдылық шара Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі, «Добровольное Общество Милосердие» қоғамдық қоры және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Марафонның басты мақсаты балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. Шара аясында жиналған ақша «Подари детям жизнь» қайырымдылық жобасына жіберіледі. Олар Қазақстанда емге жатпайтын ауруға шалдыққан балаларға көмек береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер