Beautiful Football
Әлем футболы

Германиялық жанкүйер Ресейдегі Әлем чемпионатына трактормен жетті

Германиялық жанкүйер Ресейдегі Әлем чемпионатына трактормен жетті
news-banner7
mobile-news-top

Германия құрамасының жанкүйері 70 жастағы зейнеткер Губерт Вирт Мәскеудегі әлем чемпионатына 1936 жылы шыққан трактормен келіп жеткен.

«Германиялық футбол жанкүйері 70 жастағы Губерт Вирт Ресейге келді. Зейнеткер мен оның иті сонау Германиядан бергі жолды соғысқа дейін шыққан трактормен жүріп өткен», - делінген хабарламада.

Вирт сағатына 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын трактормен 2500 шақырымды артқа тастап, бір ай дегенде Мәскеуге келіп жетті. Ол туған қаласынан 15 мамырда шыққан. Зейнеткер чемпионаттың жартылай финалдық ойындарын тамашалау үшін әрі қарай тракторымен Санкт-Петербургке жолға шықпақшы. Одан кейін Германияға қайтады.

Тракторға үлкен сыра бөшкесі тиелген. Оның ішінде Вирттің жол бойы өмір сүруіне қажеттінің бәрі бар.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы Әлем чемпионаты Ресей Федерациясының 11 қаласында 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Германия құрамасы F тобында Мексика, Швеция, Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.

Түпнұсқасы: baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер