Әлем футболы

Португалия – Испания матчын қайдан көруге болады?

Португалия – Испания матчын қайдан көруге болады?
news-banner7
mobile-news-top

Португалия – Испания ойыны мундиальдың топтық кезеңіндегі ең маңызды матчы болмақ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Осы мундиальдың топтық кезеңіндегі ең маңызды матч. Құрамында Еуропаның беделді клубтарында өнер көрсететін жұлдыздарға толы қос құрама сарапшылардың айтуы бойынша, «В» тобының алғашқы орындарын сарапқа салмақ. Осы ойында кім жеңіске жетсе, төрттіткен сол бірінші орынмен шығуы тиіс. Португалия құрамасы қарсыластары секілді Әлем чемпионы атағымен мақтана алмайды. Бірақ, бұл команданың «айды аспаннан шығару» қабілеті барын айта кеткен жөн. Оған мысал, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында топ жаруы. Бүгінде сол чемпион команданың құрамы өзгермеген. Криштиану Роналду бастаған португалдықтар тек жүлде үшін келгенін жасырмайды. 2010 жылғы Әлем чемпионы Испания құрамасы мундиальдың басталуына екі күн қалғанда бас бапкері Хулен Лопотегидің орнын босатты. Қазіргі таңда команда тізгінін әйгілі испандық қорғаушы Френандо Йерро ұстаған. Мамандардың айтуы бойынша құрама ішінде қазіргі таңдағы атмосфера бұзылған болуы тиіс. Бас бапкердің орнынан кетуі ойыншылардың көңіл-күйіне әсер етуі әбден мүмкін.

В тобындағы алғашқы ойында Иран мен Марокко құрамалары кездескен. Стадионға жиналған жанкүйерлер ойын соңына дейін гол көре алмады. Тек бас төреші қосқан қосымша 6 минутта Марокко құрамасының ойыншысы Азиз Бухаддуз өз қақпасына гол соғып, Иран құрамасына жеңісті сыйлады.

Португалия – Испания ойынында алаңға бірінші минуттан шығатын қос команданың негізгі құрамы белгілі болған еді. Сондай-ақ, Prosports.kz сайты аталмыш ойынға өз болжамын жасады.

Тартысты бәсекені бүгін сағат 23:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар: СІЛТЕМЕ

Испания мен Португалия құрамалары жайлы қызықты деректер

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер