Муртазаев: Ресей, Швеция, Дания құрамаларында достарым көп

Муртазаев: Ресей, Швеция, Дания құрамаларында достарым көп
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде футболдан әлем чемпионаты басталды. Төрткүл дүниенің төрт жылда бір келетін төре турнирінің қарсаңында «Астана» футбол клубының шабуылшысы Роман Муртазаевқа мундиаль жайлы пікірін білдірді.

- Қай құраманың жанкүйерісіз? Әлем чемпионатына қатысып жатқан футболшылардың арасында таныстарыңыз бар ма?

- Ресейге жанкүйер болам. Қанша дегенмен бізге бауырлас ел ғой. Құдай қосқан көршіміз. Сондай-ақ, Испания мен Францияның жанкүйерімін. Ресей, Швеция, Дания құрамаларында таныстарым баршылық. Көбісімен хабар алмасып тұрамыз. Амстердамның «Аяксында» және Дания ұлттық құрамасында ойнайтын шабуылшы Каспер Дольбергпен жақсы қарым-қатынастамын. Осыдан екі жыл бұрын 2018 жылғы әлем чемпионатының аясында Даниямен ойнағанбыз. Сонда Копенгагенде танысып, содан бері жақсы араласып кеткен едік.

- Жүлдегерлер қатарынан көрінетін өз үштігіңізді айтсаңыз?

- Меніңше, әлем чемпионатын Франция жеңіп алатын секілді. Финалда олар Германияны ұтуы тиіс. Ал 3-ші және 4-ші орындарды Аргентина мен Бразилия өзара бөліседі.

- Әлем чемпионатында әдеттегідей Месси және Роналду текетіресін көреміз. Сіз қайсысы үздік болады деп ойлайсыз?

- Өзім «Барселонаның» жанкүйерімін. Мессиге бүйрегім бұрады. Бірақ, Роналдуың да мықты. Бұлардың қатарына мысырлық Мохаммед Салахты қосыңыз. Міне, әлем чемпионатында осы үштік көсіле шабады деп ойлаймын. Турнирдің үздік ойыншысы атағын осы үшеуінің біреуі алатын шығар. Дегенмен, оңай болмайды. Еуромаусымның аяқталғанына көп болған жоқ. Демалуға уақыт болмады. Ал алда оларды төртжылдықтың басты додасы күтіп тұр.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер