РЕСМИ: Цхадедзе «Ордабасыны» жаттықтырады

РЕСМИ: Цхадедзе «Ордабасыны» жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе «Ордабасы» клубын жаттықтырады.

Естеріңізде сала кетейік, болгар маманы Георги Дерменджиев 12 маусым күні қызметінен босатылған болатын.

Грузиндік бапкердің Шымкенттің клубымен келісім-шарты маусымның соңына дейін жоспарланған.

Алматылық клубты Цхададзе 2016 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың шілдесіне дейін басқарды. Осы уақыт аралығында «Қайрат» Қазақстан кубогын, Суперкубок пен ҚПЛ-дың күміс медальдарын жеңіп алды. Еуропа лигасының біліктілігінің екінші айналымында албаниялық «Скендербеуге» (1: 1, 0: 2) есе жібергеннен кейін Кахабер Цхададзе қызметінен босатқан еді.

Қазақстанға дейін Грузияның ұлттық және жастар құрама командасын, Әзірбайжанның «Стандарт» және «Интер» клубтарын, сондай-ақ Грузияның «Сиони», «Локомотив» және «Динамо» клубтарын басқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер