Бокс

Головкиннің бапкері «Канелоны» мұқият дайындалуға шақырды

news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 15 қыркүйекте Лас-Вегасте GGG-мен өтетін жекпе-жекте Сауль «Канело» Альваресті мұқият дайындалуға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz .

«Мен олардың келісімге келгеніне өте қуаныштымын. Екеуі де әлемнің орта салмақтағы мықты боксшылары ретінде тарихқа енеді. «Канело» бұл айқаста мықтының мықтысы анықталатынын біледі деп ойлаймын, себебі өз тарапымыздан дайындығымыздың осал болмайтынын жеткізгіміз келеді. Мен «Чепо» мен Эдди тәжірибелі баркерлер екенін білемін, сондықтан Канело 100% дайын болады деген ойдамын. Жекпе-жектің ойдағыдай өтетініне кәміл сенемін», - дейді Санчес Artist Sports порталына берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер