Бокс

Головкин - Альварес арасындағы екінші кездесудің проморолигі шықты

Головкин - Альварес арасындағы екінші кездесудің проморолигі шықты
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy промоутерлік компаниясы өзінің ресми «Инстаграм» парақшасында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші кездесудің проморолигін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.


Естеріңізге салсақ, екі жақ бір келісімге келіп екінші кездесудің уақыты биылғы шылдың 15-ші қыркүйегі болып бекітілген.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді.

Айта кетсек, қос боксшы былтыр 16-шы қыркүйекте кездесіп жекпе-жек төрешілер шешімімен тең аяқталған. Головкин - Альварес арасындағы екінші кездесу бесінші мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда мексикалық боксшы допинг сынамадан сүрініп, алты айға үлкен спорттан шеттетілді. Ал Головкин болса бесінші мамырда америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен кездесіп, нокаутпен жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер