Футбол

Елбасы ӘЧ-ның ашылу салтанатына қатысты

Елбасы ӘЧ-ның ашылу салтанатына қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ресей жерінде басталған футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz Ақ Орданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты», - делінген хабарламада.

Ашылу рәсімі аяқталған соң Ресей және Сауд Арабиясы құрама командалары арасында чемпионаттың ақтық кезеңінің бірінші ойыны болды. Аталған кездесуде Ресей құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті.

2018 жылғы Әлем чемпионатының ақтық кезеңі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирге 32 құрама команда қатысады. Командалар арасындағы ойындар Ресей Федерациясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер