Еркін күрес

Меруерт Дыңбаева кадеттер арасындағы Қазақстан құрамасының аға бапкері болып тағайындалды

Меруерт Дыңбаева кадеттер арасындағы Қазақстан құрамасының аға бапкері болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Ақтаудағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің бапкері Меруерт Дыңбаева кадеттер арасындағы Қазақстан құрамасының аға бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының ресми сайты хабарлады.

Биылғы жылы Меруерт Дыңбаеваның шәкірттері халықаралық бәсекелерде жоғары нәтиже көрсеткен. Сол себепті, оның бұл орынға тағайындалуы дұрыс шешім.

- Ұлттық құраманың аға бапкері болу - үлкен жауапкершілік. Бұрын мен облыс деңгейіне ғана жауап берсем, енді бүкіл ел жанкүйерлерінің алдында міндетім бар. Шілде айында Хорватияда кадеттер арасында әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді. Ал бірнеше күннен соң біріншілікке тыңғылықты дайындалу үшін Алматыға ұшып кетеміз. Жылдың ең басты додасына толыққанды дайындалу - басты мақсатымыз. Хорватиядағы әлем чемпионаты менаға бапкер ретіндегі алғашқы жарысым болмақ. Шәкірттерім сенімімді ақтайды деп сенемін, - дейді Меруерт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер