Басқа

17 жастағы қазақ жігіті пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

17 жастағы қазақ жігіті пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Канаданың Калгари қаласында Пауэрлифтинг бойынша өткен әлем чемпионатында қазақстандық Тимур Қасенов бірінші орынды иеленді. 17 жастағы алматылық жігіт 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

- Тимур 2017 жылы Белоруссияда өткен әлем чемпионатына қатысып, үшінші орынды иеленді. Сол кезде Канадада өтетін чемпионатта жеңіске жетемін, деп алдына мақсат қойған болатын. Ол ҰБТ тапсыратын бітіруші түлек екенін қарамастан, бір жыл бойы тынбай жаттықты. Тимур үшін спорт әрқашан бірінші орында. Чемпионат кезінде бүкіл отбасымызбен Тимур үшін алаңдап, тілеуін тілеп отырдық. Ал оның өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанғанын хабарлағанда қуанышызда шек болмады. Біздің ұлымыз өз мақсатына жете алды және Қазақстанның әнұраны орындалғанда, біз өз елімізді мақтан тұттық, – дейді жеңімпаздың анасы Гүлнәр Қасенова.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер