«Құпия» ақпарат

«Ордабасыны» Кахабер Цхададзе жаттықтырады

«Ордабасыны» Кахабер Цхададзе жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасы» клубының бас бапкері Георги Дерменджиевтің орнына кімнің келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Естеріңізде болса, болгар маманы Георги Дерменджиев 12 маусым күні қызметінен кеткен болатын. Оның орнын алматылық «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе басады. Бүгін грузин бапкері Шымкентке ұшып келді. Қос тарап бір келісіп қойған. Ертең бұл туралы ресми хабарлайтын болады.

Айта кетейік, Кахабер Цхададзе осыдан бір жыл бұрын «Қайрат» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде албаниялық «Скендербеу» командасына жол бергеннен соң қызметінен кеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер