Хоккей

«Барыс» Швеция құрамасының шабуылшысымен келісімшартқа отырды

«Барыс» Швеция құрамасының шабуылшысымен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы жаңа маусым қарсаңында құрамын тағы бір ойыншымен толықтырды. Клуб Швеция ұлттық құрамасының шабуылшысы Андре Петерссонмен келісімшартқа отырды.

Шабуыл шебінде ойнайтын 27 жасар ойыншымен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшартқа отырған. Былтыр Құрлықтық хоккей лигасында Омскінің «Авангардында» ойнап, тұрақты чемпионатта өткізген 40 ойында 27 ұпай (10+17) жинаған. Сондай-ақ, плей-офф ойындарында алты матчқа қатысып, 7 (5+2) балл еншілепті. Жалпы, Құрлықтық хоккей лигасында Петерссон 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. «Авангардқа» дейін «Сочи» сапында шайба қуған. Осы аралықта плей-офф пен тұрақты чемпионатты қосқанда 192 ойын өткізіп, 147 ұпай (73+74) жинапты.

Естеріңізге сала кетейік, «Барыстың» оқу-жаттығу жиыны биыл 12 шілдеде басталады. Ал тамыздың 9-ы мен 12-сі күндері елордамыздың «Барыс Арена» кешенінде ҚР Президентінің куюогы өтіп, оған «Барыстан» бөлек, «Амур» (Хабаровск), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады. Одан кейін тамыздың соңында «Барысты» Уфада Башқұртстан Республикасының кубогы күтіп тұр.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер