Бокс

Головкин - Канело рематчы: Алғашқы салмақ өлшеу рәсімінің уақыты белгіленді

news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алғашқы салмақ өлшеу рәсімі 15 тамызға белгіленді. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман Twitter-де хабарлады.

Кеңестің ережесі бойынша, жекпе-жекке 30 күн қалғанда орта салмақ категориясындағы лимит - 176 фунтты құрайды (79,8 келі), ал бір апта қалғанда 168 фунт (76,2 келі) болуы керек. Соған қарамастан, бірінші айқастың алдында міндетті салмақ өлшеу процедурасынан тек Геннадий өткен еді. Себебі «Канело» WBC чемпиондық белбеуіне таласпайтынын мәлімдеді.

Боксшылардың қарымта айқасы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile аренада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер