русский язык

Алматыда тағы бір әлем чемпионаты

Алматыда тағы бір әлем чемпионаты

2014 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Алматы қаласында өтетін болып шешілді. Бұл туралы халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайты мәлімдеді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мен халықаралық ауыр атлетика федерациясы екі жақты келісім барысында жарыстың өткізілетін орнын Астана қаласынан Алматыға ауыстырды. Турнир кезінде 2016 жылы Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Әлем чемпионаты 8-16 қарашада өтеді деп жоспарланып отыр.

aynaline.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;