русский язык
Хоккей

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Динамодан» басым түсті

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Динамодан» басым түсті

Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» командасынан басым түсті.

Ойынның алғашқы шайбасы екінші минутта соғылды. «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып, алға шықты. Алайда екінші кезеңде «Динамо» таразы басын теңестірді. Сосын барын салып, алға шығуға ұмтылды. Алайда «Қазцинк-Торпедоның» тасқамал қорғанысын бұза алмады. Үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы тағы бір шайба соғып, 2:1 есебін ойынның соңына дейін өзгермеді.

Oсы ойыннан кейін «Қазцинк-Торпедо» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 46 ұпаймен жалпы турнир кестесінде 2-ші орынға көтерілді.

«Динамо» (Балашиха) – «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) - 1:2 (1:0, 0:0, 1:1)

0:1 - Токарев (Савенков, Огородников) - 01:43
1:1 - Юшин (Иванов, Федоров) - 33:30
1:2 - Волжанкин (Токарев, Плющев) - 44:00

Қақпашылар: Шарыченков – Полошков

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;