Бокс

Р4Р жаңартылған рейтингі: Елеусіновтің салмағындағы Кроуфорд Головкинді басып озды

Р4Р жаңартылған рейтингі: Елеусіновтің салмағындағы Кроуфорд Головкинді  басып озды
news-banner7
mobile-news-top

ESPN нұсқасы бойынша Р4Р (барлық салмақ дәрежесінде) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «SPORTINFORM» порталына сілтеме жасап.

Данияр Елеусіновтің салмақ дәрежесінде бокстасатын америкалық Теренс Кроуфорд WBO титулын иеленгеннен кейін Геннадий Головкинді басып озып, екінші орынға орналасты.

Еске салайық, бұдан бұрын Кроуфорд BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастап, дивизиондағы барлық белбеуді жинауды мақсат еткенін мәлім етті.

Рейтингте украиндық чемпион Василий Ломаченко көш бастап тұр. Дисквалификациясын өтеп жатқан Сауль Альварес рейтингке енбеген:

1. Василий Ломаченко

2. Теренс Кроуфорд

3. Геннадий Головкин

4. Эррол Спенс-младший

5. Майки Гарсия

6. Наоя Иноуэ

7. Срисакет Сор Рунгвисаи

8. Сергей Ковалев

9. Деонтей Уайлдер

10. Энтони Джошуа

Еске салайық, бокс сүйер қауым күтіп отырған Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі 15 қыркүйекте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер