The Ring журналы Головкиннің Альвареспен реваншынан қанша табыс табатынын мәлімдеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызThe Ring журналы WBC, WBA (Super) және IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реваншынан қанша табыс табатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірнеше сағаттар бұрын GGG - Канело реваншы Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ), Т-Mobile аренасында 15 қыркүйекте өтетіні туралы ресми ақпарат пайда болды.
The Ring-тің хабарлауы бойынша, Головкин алдағы жекпе-жектен 40 миллион доллардан астам қаржы табады. Альварестің алуы мүмкін пайдасы көрсетілмеген.
Forbes мәліметі бойынша, бірінші жекпе-жектен Головкин 24 миллион доллар пайда тапқан, ал Альварес - 42 млн еншіледі. Екі боксшы да әлемде ең жоғары жалақы спортшылардың рейтингісінде - мексикалық 15 орында тұрса, қазақстандық -72-ші.