Бокс

The Ring журналы Головкиннің Альвареспен реваншынан қанша табыс табатынын мәлімдеді

The Ring журналы Головкиннің Альвареспен реваншынан қанша табыс табатынын мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

The Ring журналы WBC, WBA (Super) және IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реваншынан қанша табыс табатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірнеше сағаттар бұрын GGG - Канело реваншы Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ), Т-Mobile аренасында 15 қыркүйекте өтетіні туралы ресми ақпарат пайда болды.

The Ring-тің хабарлауы бойынша, Головкин алдағы жекпе-жектен 40 миллион доллардан астам қаржы табады. Альварестің алуы мүмкін пайдасы көрсетілмеген.

Forbes мәліметі бойынша, бірінші жекпе-жектен Головкин 24 миллион доллар пайда тапқан, ал Альварес - 42 млн еншіледі. Екі боксшы да әлемде ең жоғары жалақы спортшылардың рейтингісінде - мексикалық 15 орында тұрса, қазақстандық -72-ші.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер