Әлем футболы

Мексикалық жанкүйерлер Әлем чемпионатына автобуспен аттанды

Мексикалық жанкүйерлер Әлем чемпионатына автобуспен аттанды
news-banner7
mobile-news-top

Футбол фанаттары Мексикадан Ресейге автобуспен аттанды. Саяхатшылардың көпшілігі – мексикалықтар, алайда оларға бір канадалық пен бір чилилік қосылыпты.

Автобус сәуір айының соңында Альтамир портынан кемеге тиеліп, бір айдан соң Германияға жеткен. Сол жерден мексикалықтар мен шетелдіктер Ресейге саяхатқа аттанды, деп жазады Uno TV арнасы.

Экипаж мүшелерінің бірі Фернандо Осорио айтқандай, автобуста барлық жағдай жасалған, тіпті кереуеттер де бар. Жанкүйерлер үшін бұл сапар айтарлықтай арзан болмақ, тіпті мұхитты кемемен жүзіп өтсе де, енді оларға баспана жалдаудың қажеті жоқ.

Автобус Мексика туының түстері – жасыл, ақ және қызылға боялған.

Мұхит жолын қоса есептегенде автобус 16 мың шақырымды артқа тастайды. 14 маусымда автобус жолаушылары Ресей мен Сауд Арабиясы матчын тамашалап, кейін біріншілік өтетін бірнеше қаланы араламақшы.

Футболдан әлем чемпионаты Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында 11 қаланың 12 стадионында өтеді: Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Ростов-на-Дону, Сочи және Екатеринбург.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер