Бокс

Головкиннен тартып алған IBF белбеуіне таласатын боксшылар анықталды

Головкиннен тартып алған IBF белбеуіне таласатын боксшылар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс федерациясы қазақстандық Геннадий Головкиннен тартып алған орта салмақтағы IBF белбеуіне таласатын қос боксшыны анықтады. Дегенмен, бұл екеуі бір-бірімен жұдырықтасқысы келмей тұр.

Бұл тұжырым бойынша чемпиондық атаққа IBF рейтингінде бірінші орында тұрған Сергей Деревьянченко мен үшінші орындағы америкалық Дэниел Джейкобс таласуы тиіс.

Кеше Халықаралық бокс федерациясы Сергей Деревьянченконың со-промоутері Лу Дибелла мен Дэниел Джейкобстың промоутері Эдди Хирнге ресми хат жіберіп, тез арада келісімге келулерін сұрады. Егер 11 шілдеге дейін өзара келісе алмаса, онда промоутерлік сауда тағайындалады. Бұл дегеніміз, боксшылар жүлде қорын теңдей бөліседі деген сөз.

Дегенмен, екі боксшы да бір-біріне қарсы шаршы алаңға шыққылары жоқ. Өйткені, де бапкерлері бір маман. Яғни, Андре Розьенің қарамағында жаттығады. Былтыр Геннадий Головкинмен төбелесе алдында Джейкбосқа осы Деревьянченко көмектескен. Сондықтан, Розье орта салмақтағы екі мықтысының дәл қазір бір-бірімен жұдырықтасқанын қаламайды. Сондай-ақ, бапкерлерінен бөлек, екеуінің де менеджерлері бір адам – америкалық Кит Коннолли. Осыған байланысты журналистерге сұхбат берген Коннолли жақын уақытта екі боксшымен де кездесіп, олардың жекпе-жек жайлы ойларын білуге тырысатындығын айтты.

Иә, расымен де бұл екі боксшыны дәл қазір достық байланыстырып тұр. Бір залды бөлісіп жүрген боксшылардың, әлбетте, чемпиондықтан да амбициялары бар шығар. Бірақ, дәл қазір бұл жекпе-жек қаржы жағынан да екеуіне де аса көп пайда әкеле қоймайды. Ал бір-бірінің әлеуеттерін жақсы білетін олар бұл айқаста ұтылып қалар болса, карьерасының быт-шыты шығатынын да түсінеді. Оның үстіне, дәл қазір Джейкобста қыркүйекте Сауль Альвареспен де айқасып, біраз пайда түсіретін мүмкіндік бар. Сондықтан, бұл жекпе-жектің өту-өтпеуі әлі белгісіз.

Дэниелге қарағанда бүгінде IBF белбеуі Сергей Деревьянченкоға қажеттірек. Бұл чемпиондық атақ кәсіпқой бокста енді ғана танылып келе жатқан украиналыққа жаңа бағыттар ашуы тиіс. Сондықтан, Джейкобсті келістіре алмаса, Джермалл Чарломен немесе Деметриус Андрадемен айқаса бергені дұрыс.

Түпнұсқасы: diamondring.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер