Жеңіл атлетика

Altay athletics спортшылары Golden Spike Ostrava жарысына қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 13 маусымда Чехияның Острава қаласында жеңіл атлетикадан IAAF сериясы аясында кезекті жарыс өтеді, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Golden Spike (Zlatá tretra) – жеңіл атлетикадан дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген турнирлердің бірі. Бұл доданы Остраве-Витковице (Městský stadion v Ostravě-Vítkovicích) стадионы қабылдайдыы.

Аталмыш доданың тарихы 1961 жылдан басталады. Қазақстанның Altay athletics кәсіби жеңіл атлетика клубының спортшылары Нора Джеруто мен Дэйзи Джэпкимэй осы додада өнер көрсетеді.

Жалпы, жарыстың бағдарламасына 16 сайыс енгізілген. Биылғы турнирге 10 әлем чемпионы және осы маусымдағы әлемдік рейтингтің 7 көшбасшысы қатысады.

Golden Spike сайысын әлемнің 150 мемлекетінің арналары тікелей эфирде көрсетеді. Қонақ ретінде IAAF президенті Себастьян Коэ келеді.

Айта кетейік, Дэйзи Джэпкимэй осының алдында 3000метрге кедергілер арқылы жүгіруден Норвегия астанасы Ослода өткен «Гауһар лига» сайысының бесінші кезеңінде қола жүлдегер атанған. АЛ Нора Джеруто да 31 мамырда Римде үшінші орынға тұрақтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер