Бокс

АҚШ-та өтетін бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов Қанат Исламның орнын басады

АҚШ-та өтетін бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов Қанат Исламның орнын басады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (6-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінің мерзімі анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі СПОРТИНФОРМ порталына сілтеме жасап.

Нұрсұлтанов 23-ші маусым күні Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theater аренасында мексикалық Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Негізі дәл осы бокс кешінде басқа қазақстандық Қанат Ислам мексикалық Фернандо Каркамомен жұдырықтасатын еді. Алайда, отандасымыз жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер