Бокс

«Канело» The Ring белдігінен айырылды

«Канело» The Ring белдігінен айырылды
news-banner7
mobile-news-top

The Ring журналының редколлегиясы мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес өздерінің рейтингінен алынып, белдігін қайтаруы тиіс деп шешті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі СПОРТИНФОРМ порталына сілтеме жасап.

Бұндай шешім шығаруға былғары қолғап шеберінің допингке қатысты дауға қалуы себеп болған. Атақты америкалық басылымның басшысы дисквалификация уақыты қыркүйекте аяқталатынын айтқанымен, сол кезде Альварес белдікті қайтарып алатынын немесе ала алмайтынын нақтыламаған.

Ал журналдың рейтингіне қайта енуі үшін Сауль Альварес осы қыркүйекте жекпе-жек өткізуі тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер