Әлем футболы

ӘЧ-2018: Қазақстандықтар үшін Ресейде тіркелу ережелері өзгерді

ӘЧ-2018: Қазақстандықтар үшін Ресейде тіркелу ережелері өзгерді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде футболдан Әлем чемпионатының өтуіне байланысты шетелдік азаматтар, соның ішінде қазақстандықтар үшін арнайы тіркеу ережесі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

25 мамыр - 25 шілде аралығында Ресей Федерациясында FIFA-2018 футболдан әлем чемпионатының өтуіне байланысты Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону, Самара және Саранск қалаларында шетел азаматтары үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін арнайы тіркеу ережесі енгізілді.

Шетел азаматтары көрсетілген қалаларға келген күннен бастап үш күннің ішінде РФ Ішкі істер министрлігінің (көші-қон басқармасы) тиісті аумақтық органдарына немесе Мемлекеттік және муниципалдық қызмет көрсету көпфункционалды орталыққа (КФО) тіркеуден өтуге өтініш беруі қажет. Тіркеу мерзімі Ресей Федерациясына келген күннен емес, жоғарыда аталған қалаларға келу күнінен бастап есептеледі.

Қазақстан Республикасының елшілігі ҚР азаматтарында Ресейге келген кезде халықаралық үлгідегі медициналық сақтандырудың болуын ескертеді.

Футболдан әлем чемпионаты өтетін кезде көші-қон мәселелері бойынша ақпаратты https://77.мвд.рф/ms сайтынан алуға болады.

Қонақүйлерде, шипажайларда және демалыс үйлерінде жайғасқан азаматтарды аталған мекемелердің әкімшілігі бір күннің ішінде тіркеуді жүзеге асырады. Басқа жағдайларда тіркеу РФ Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарында немесе КФО-ларда үш күннің ішінде жүргізіледі: шетел азаматы қабылдаушы тараппен бірге (жеке немесе заңды тұлға: қонақүйлік қызмет көрсетпейтін туысы, досы және ұйымы) РФ Ішкі істер министрлігінің аумақтық органында немесе КФО-да тіркелуі қажет.

Құжаттарды тапсыру кезінде: жеке басын куәландыратын құжат (паспорт/жеке куәлік), миграциялық карта, өтініш және шетел азаматының келуі туралы хабарландыру формасын толтыру керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер