«Құпия» ақпарат

Қазақстандық футболшы мансабында 3 млн доллар табыс тапқан

Қазақстандық футболшы мансабында 3 млн доллар табыс тапқан
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбе және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников өз мансабындағы негізгі сандар туралы айтып берді.

- 55 саны. Бұл санның ешқандай жасырын мағынасы жоқ, және оның жауабы қарапайым. Бұл санмен мансабымда ең жақсы жылдар өтті. Ал 11 – алаңдағы ойыншылардың емес, менің мансабымда болған кәсіби клубтардың саны. Ал 29 болса, ұлттық құрама матчтарының саны,- деген спортшы.

Танымал қақпашы өз мансабында маңызды рөл атқаратын сандар тура айта келе, ұлттық құрамада ойнап, елдің намысын қорғанына қуанышты екенін жеткізді.

- Елдің намысын халықаралық аренада қорғау кез-келген футболшының арманы! Қазақстанның ұлттық құрама командасымен ойнағанымды мақтан тұтамын. Ал, 3.000.000-ға келетін болсақ, мен мансабымда дәл осынша табыс таптым. Сондай-ақ, мансабыңды миллионер болып аяқтадың ба дегендерге айтарым: Жоқ, достар, мен мансабымды миллионер болып аяқтамадым. Мен ол ақшалардың қайда кеткенін білмеймін. Табыссыз инвестицияларға, ойланбай жасалған саудаларға кеткен шығар,- деді Сидельников.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер