Beautiful Football

Аршавин мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Аршавин мансабын қашан аяқтайтынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны, қазіргі таңда алматылық «Қайрат» клубында өнер көрсетіп жүрген Андрей Аршавин ресейлік басылымдарға берген сұқбатында мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді. Сондай-ақ Әлем біріншілігінде басты жүлдеге үміткер құрамаларды атап, «Зенитке» оралу туралы ойын айтты.

Мансабыңызды қашан аяқтайсыз деген сұраққа Аршавин: «Әлі білмеймін», - деп қысқа қайырды. Ал «Зенитке» оралу туралы ойында бар екенін жасырған жоқ: «Футболшы ретінде әлі неше жыл ойнайтынымды білмеймін. «Зенитке» футболшы ретінде оралғым келмейді. Бұл жайлы тіпті сөз де болған жоқ. Клубтың құрылымында менеджерлік қызметте істегім келеді»

«Әлем біріншілігінде әлбетте Ресейге жанкүйер боламын. Топтан шығады деген үміттемін. Ал финалда Франция мен Бразилия құрамалары кездесу керек. Осы жұпқа жанүйерлік етемін», - деді Аршавин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер