Михайлович – «Сампдорияның» жаңа бапкері
![Михайлович – «Сампдорияның» жаңа бапкері](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1385028435_72174481.jpg?v=28711215)
Синиша Михайлович «Сербия» құрамасынан кетіп, жақын арада «Сампдорияның» бас бапкері атанады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Естереңізге сала кетсек, Михайлович футболшы кезінде 1994-1998 жылдары «Сампдорияда» ойнаған болатын. Бұдан басқа, Михайлович «Рома», «Лацио» және «Интер» командаларында өнер көрсеткен.
Бапкер ретінде «Болонья», «Катания», «Фиорентина» секілді клубтарды жаттықтырған.