Киокушинкай-кан каратэ
Басқа

Астанада киокушинкай-кан каратэден Азия Чемпионаты өтеді

Астанада киокушинкай-кан каратэден Азия Чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кіші жастағы қыздар, ерлер және әйелдер арасында Ашық Азия Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайтының тілшісі. Бұл Чемпионатта кумитэ және ката түрі бойынша 12 жастан жоғары спортшылар 37 салмақта сынға түседі.

Құрлықтық бәсекеге 12 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі таңда чемпионатқа Иран, Ирак, Үндістан Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Жапония, Монғолия, Түркменстан мемлекеттері қатысатындығын растады.

Жылдың байрақты бәсекесінде ел намысын ерлер арасындағы Әлем чемпионы Карменов Алишер, 2015 жылдың Азия Чемпионы, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Гарас Никита, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабырхан Әлемгул, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сауытова Мадина сынды еліміздің үздік жас татами шеберлері қорғайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жарыс мамыражай маусымның 16-17 маусым күндері Астанадағы «Дәулет» спорткомбинатында өтетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер