Қысқы

Абзал Әжғалиев Олимпиада туын алып шыққан сәтін еске алды

Абзал Әжғалиев Олимпиада туын алып шыққан сәтін еске алды
news-banner7
mobile-news-top

Пхенчхан қаласында өткен қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында қазақтың туын көтеріп шыққан танымал шорт-трекші Абзал Әжғалиев арада біраз уақыт өткен соң сол сәтті қайта еске алды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Төрт жылдықтың басты додасында ел туын әлем жұртшылығы алдына алып шығу үлкен жауапкершілік әрі абыройлы міндет екені сөзсіз. Спортшы сол айтулы күнді еске алып, өзінің Іnstagram желісінде жазба қалдырды.

- Биыл Оңтүстік Корея елінде XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтті. Бұл менің олимпиада ойындарындағы екінші қадамым болды. Еліміздің көк байрағын ұстап шығу құрметі маған беріледі деп ойламадым. Мұны таңертең телефон арқылы естідім, ол кезде мен Голландия елінде жаттығып жүрген болатынмын. Естіген сәттен бастап өзімді іштей дайындадым, барлығы жақсы болатын, тек әбден ту ұстап шығар кезде қатты толқыдым. Бірақ стадионға шыққан кезде барлық толқынысым ұмыт болды. Көк байрағымыз желбіреп маған жігер берді.

Ал олимпиада сайысына келер болсақ, ойымдағыдай шықпады. Дегенмен нәтижесіне қанағаттанамын. Себебі бұл біздің еліміздегі жаңадан дамып келе жатқан жас спорт түрі. Қазіргі уақытта менде жаңа маусым, жаңа мақсаттар. Жеңістеріміз әлі алда деп сенемін. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рақмет, - деп жазды XXIII қысқы Олимпиада ойындарының ту ұстаушысы.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер