русский язык
Футбол

Зидан алты жылға сотталды

Зидан алты жылға сотталды

Дортмундтық «Боруссия» мен Мысыр құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мұхаммед Зиданның сыртынан іс қозғалып, ол қаржылық алаяқтығы үшін алты жылға түрмеге қамалады.

Қала құрылысын жобалаумен айналысатын араб компаниясы футболшының үстінен арыз түсірген. Ал ойыншының өзі болса қазіргі уақытта басқа елде жүр.

31 жастағы Мысыр тұрғыны жалған чектерді қолданды деп айыпталуда.

Биылғы жылдың қаңтар айында ол «Бани Яс» клубынан кетіп, содан бері өзіне команда таба алмады.

Қазір ол «Al-Jazeera Sports»телеарнасында сарапшы болып істейді. Алайда өзі футболды біржолата тастағаны жөнінде ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;