Қысқы

Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы маусымдағы алғашқы жаттығуды бастады

news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Өткен маусым аяқталғалы бері құрама спортшылары алғаш рет бас қосып отыр. Щучинсктегі жиынға 15-ке жуық спортшы шақырылған. Осы орайда, ұлттық құраманың бас бапкері Мақсат Шаранов Олимпиада комитетінің сайтына сұқбат беріп, спортшылардың басты жоспарлары мен алдағы маусымға дайындықтары туралы баяндады.

«Шучинскідегі жаттығу жиындары 21 маусымға дейін созылады. Мұнда біз спортшылардың өз қалпына келуіне жағдай жасап, қатты ауыртпалық түсіріп жатқан жоқпыз. Өйткені, өткен маусым биатлоншылар үшін қиынға соқты. Көпшілігінің жарақаты бар. Сол себепті, спортшылар ағзасын қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп, атуға, велосипедпен жаттығуға мүмкіндік беріп жатырмыз. Қазір жиынға Галина Вишнесвкая бастаған 15-ке жуық спортшы қатысуда. Олардың ішінде жастар құрамасында көзге түскен биатлоншылар да бар», - дейді бас бапкер Мақсат Шаранов.

Щучинсктегі оқу-жаттығу жиындары аяқталған соң, биатлоншылар құрамасы Австрияға аттанады.

«Австриядағы оқу-жаттығу жиыны 25 маусым мен 12 шілде аралығында өтеді. Бұл жақта спортшыларды медициналық тексеруден өткізуге баса мән береміз. Тамыз айының басында жаттығу жиындағы Эстонияда жалғасады. Қазір ұлттық құрамадағы атмосфера керемет. Биатлоншылар жаңа күшпен, жаңа леппен жаңа маусымға дайындалуда. Облыстардағы қарқын да жаман емес. Бүгінде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында биатлон спорты жақсы жолға қойылған», - дейді бас бапкер.

Мақсат Шарановтың айтуынша, Қазақстанның биатлоншылар одағы бүгінде қанат жая бастады. Әсіресе, жас спортшылар үшін жарыстар мен іс-шаралар және оқу-жаттығу жиындары жиі ұйымдастырылуда.

«Осыған дейін бірнеше рет өткен Елена Хрусталева атындағы кубоктың форматы өзгерді. Енді спортшылар 5 кезең бойы кубок жолында жарысады. Бұрын екі рет өткізілетін, енді бес рет өтеді. Керемет емес пе? Азды-көпті демеушілеріміз ақшалай болмаса да, спортық құрылғылар және басқа да қажеттіліктерді сыйлап отырады. Ал Ұлттық Олимпиада комитеті тарапынан барлық қолдау жасалып жатыр», - дейді ұлттық құраманың бас бапкері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер