Еркін күрес

Данияр Қайсанов: Азиядаға тек ең мықты балуандар бару керек

Данияр Қайсанов: Азиядаға тек ең мықты балуандар бару керек
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы Данияр Қайсанов қазіргі таңда еліміздің ең мықты балуандарының бірі. 74 келі салмақ дәрежесінде ұлттық құрама қатарында өнер көрсететін Данияр prosports.kz сайтының тілшісіне сұқбат берген болатын.

- Жақында ел чемпионатында топ жардыңыз. Жеңіс құтты болсын! Чемпионат жайлы айтып өтсеңіз.

- Рақмет. Ел біріншілігі өте жоғары деңгейде өтті. Ересектер арасында Қазақстан чемпионатын бірінші рет жеңдім. Бәсекелестік өте жоғары. Алғашында чемпионатқа қатысу-қатыспауым екіталай болған. Себебі, Нью-Йорк қаласында өткен турнирде жарақат алып қалған болатынмын.

- Шымкентте еліміздің ең мықты балуандары жиналды, сіз үшін ең қиын қарсылас кім болды?

- Кез-келген турнирде жеңіске жету оңай емес. Осы кезекті чемпионатта мен үшін екі белдесу ауыр болды. Алдымен ширек финалда Болат Сақаев көп қиындық турдырды. Ал ақтық сында Жігер Закировты жеңу де оңайға соққан жоқ. Өйткені, бұл жігіттермен жастайымыздан бір залда жаттығып жүрміз. Сол үшін барлық айла-тәсілдерімізге қанықпыз.

- Ел чемпионаты алдында жарақатым болды дедіңіз, сонда да тәуекел етіп турниге қатысуыңыздың себебі не?

- Иә, жарақатымыды асқындырып алуым да мүмкін еді. Тәуекелге бел будым. Бұлай істеуіме Азия ойындарына барсам деген тілек себеп болды. Өйткені, Азиядаға бару үшін ел чемпионы атану керек.

- Демек, Азия ойындарына Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен балуан қатысады ғой?

- Иә, солай.

- Бірақ, Ақжүрек Таңатаров биыл Азия ойындарына қатысқысы келетінін айтқан еді. Оның үстіне Ерлан Қожаспай мырза, «Азиядаға балуан таңдау кезінде жеңімпаздарға басымыдық береді. Алайда, соңғы сөз бапкерлер кеңесінде», - деп отыр.

- Бұл үлкен спорт болған соң спортшы кез-келген бәсекелестікке дайын болу керек. Ал халықаралық жарыстарға тек ең мықты балуандар бару керек.

- Биыл Азия ойындарынан бөлек Әлем чемпионаты да өтеді. Тағы басқа қандай турнирлеге қатысасыз?

- Біз үш апта Солтүстік кавказда, Кисловодск деген жерде жақсы базада оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Жаттығу жұмыстары біткен соң «Mongolia Open» турниріне қатысып, қола медаль алдым. Енді Азияда алдында тағы екі жаттығу жиынына қатысамыз.

Ал Әлем чемпионаты алдында арнайы іріктеу турнирі өтеді. Соған қатысып Будапештке бару үшін жолдамаға талртысамыз.

- Азия ойындарында алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз, басты бәсекелестеріңіз кім деп ойлайсыз?

- Азия құрлығындағы өз деңгейімді де, қарсыластарымның қарым-қабілетін де жақсы білемін. Көптеген жарыстарда, жаттығуларда кездескеміз. Сәті түссе жеңістің де ауылы алыс емес деп ойлаймын.

Біздің салмақта бәсекелестік жоғары. Десе де, арасынан мына 4 балуанды ерекше атап өтуге болады. Ирандық Мустафа Хосейнхани, жапониялық Юки Фуджинами, Қырғызстан атынан күресетін Муслим Евлоев және өзбек балуаны Бегзод Абдрахманов. Соңғысы Рио Олимпиадасында әлемнің ең үздік балуаны Джордан Барроузды жеңген болатын.

- Бұрын осы балуандармен күш сынасып көрдіңіз бе?

- Иранда Мустафамен белдескенмін. Ал қалғандарымен тек оқу-жаттығу жиындарында ғана кездескенмін.

- Сіз үшін биыл өтетін Әлем чемпионаты маңызды ма, әлде төрт жылда бір келетін Азия ойындары маңызды ма?

- Аталған екі турнирде өте маңызды. Азия ойындарында еліміздің балуандары осы күнге дейін тек бір алтын медаль ғана алған. Егер осы олқылықтың орнын толтырып жатсақ үлкен қуаныш болар еді.

- Алдағы жарыстарыңызға тек жеңіс тілейміз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер