Күрес

«Mongolia Open» турнирі аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында еркін және әйелдер күресінен «Mongolia Open» турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Кеше жарыстың алғашқы күні боз кілімге шыққан балаундарымыз екі алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алған болатын.

Ал бүгін жарыс жолына шыққан балуандарымыз бір алтын, бір күміс, төрт қола медаль еншіледі.

Атап айтқанда, 76 келі салмақ дәрежесінде белдескен Эльмира Сыздықова - алтын, дәл осы салмақта күрескен Гүлмарал Еркебаева - қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал 68 келіде Жамиля Бақбергенова - күміс, 53 келіде Нұрәлім Айгүл - қола медалге қол жеткізді.

Қалған екі қоланы еркін күрес шеберлері Қуат Әміртаев (61) пен Олег Болтин (125) алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер