русский язык

Футболдан ӘЧ – 2014. Роналду хек-трик, Франция мундиальға жолдама алды!

Футболдан ӘЧ – 2014. Роналду хек-трик, Франция мундиальға жолдама алды!

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына, Еуропадағы іріктеу плей-офф ойындары аяқталды.

Бірінші болып Еуропадан мундиальға жолдаманы Грекия құрамасы алды. Румынияда өткен қарымта кездесу тең есебімен аяқталды. Есепті алғашқы болып қонақтар сапында Митроглу ашты. Екінші таймда Торосидис өз қақпасына гол соғып, Румындықтар есепті теңестірді. Осылайша, екі кездесудің қорытындысы бойыншы Грекия әлем біріншілігіне жолдама алды.

«Румыния» – «Грекия» - 1:1 (бірінші матч 1:3)

Голдар: Торосидис, 55 (автогол) — Митроглу, 23

Загребте Хорватия Исландия құрамасын қабылдады. Сырт алаңда тең түскен Хорваттар бұл жолы есе жібермеді. Манджукич пен Срна соққан голдардың арқасында Хорватия құрамасы келері жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына шықты.

«Хорватия» – «Исландия» - 2:0 (Бірінші матч - 0:0)

Голдар: Манджукич, 27, Срна, 47

Ең қызықты матч Швецияда өтті. Ибра бастаған Швеция құрамасы жанкүйерлердің өкінішіне қарай бұл кездесуде жеңіске жете алмады. Ибра соққан дубльге Португалияның жұлдызы мен сұрмергені Криштиану Роналду хет-трикпен жауап қайтарды. Осылайша, Португалия құрамасы қос матчтың қорытындысы бойынша әлем біріншілігіне жолдама алды.

«Швеция» «Португалия» - 2:3 (бірінші матч - 0:1)

Голдар: Ибрагимович, 68, 72 — Роналду, 50, 77, 79

Төрт күн бұрын Киевте сенсация жасаған Украиндықтар қарымта ойында ірі есеппен ұтылды. «Парк де Пренс» стадионында өрбіген кездесуде француздықтар толықтай басымдылыққа ие болып, қарсыластарының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Алдымен қорғаушы Мамаду Сахо есепті ашты, артынша Бензема екінші голды соқты. Екінші таймда Олег Гусев француздардың жойқын соққысын қайтара алмай, өз қақпасына гол соғып жіберді. Сөйтіп, Дидье Дешам жаттықтыратын француздықтар, әдемі жеңіске қол жеткізіп, келер жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

«Франция» – «Украина» 3:0 (Бірінші матч - 0:2)

Голдар: Сахо, 22, 72, Бензема, 34

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;