Велоспорт

Францияда велоспорттан «Критериум Дофине» көпкүндігі өтіп жатыр

Францияда велоспорттан «Критериум Дофине» көпкүндігі өтіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Франция жолдарында велоспорттан «Критериум Дофине» көпкүндігі өтіп жатыр.

Кеше велошабандоздар 181 шақырымдық 4-ші кезеңде сынға түсті. «Астана» велокомандасының спортшысы Дарио Катальдо таулы жолдардың бірінде шабуылға шығып, қарсыластарынан ұзап кетті. Соңғы 40 шақырым бойы топ бастаған «Астана» велошабандозы мәреге небәрі 300 метр қалғанда болдырып қалды.

Кезеңдегі жанкешті қимылы үшін Катальдо тау жолдарының үздік спортшысына тиесілі көк жейдені киді. Спринтерлік сайыстан озып шыққан француз Жулиан Алафилипп 4-кезең жеңімпазы атанды. «Астана» капитаны Пельо Бильбао 8 секунд кешігіп, 11-болып жарысты аяқтады.

Жалпы есепте италиялық Джанни Москон топ басына шықты. Бильбао 13-орында тұр.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер