Бокс

GGG – Альварес рематчы ресми түрде келесі аптада хабарлануы мүмкін

GGG – Альварес рематчы ресми түрде келесі аптада хабарлануы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы рематчтың өтетіні келесі аптада хабарлануы мүмкін. Бұл туралы Las Vegas Review Journal журналисі Гилберт Мансано мәлім етті.

Оның ақпаратына сүйенсек, Головкин бір титулынан айырылған соң, IBF белбеуі үшін бас қатырмай, енді тек Канеломен рематч өткізуге басты назарын аударады. Головкин табыстың 45/55 пайыз болып бөлінгеніне де қарсы емес. Тіпті, канелоның пайдасына 60/40 пайыз болуы да мүмкін. Боксшылардың жекпе-жегі туралы ресми хабарлама келесі аптада шығуы ықтимал.

Айта кетейік, алғашқы жекпе-жекте Альварес табыстың 70 пайызын, Головкин қалған 30-ын алған болатын.

Рематч 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер